Атырау облыстық өкілдікке қарасты әйел-қыздар секторының өкілі Назгүл Медерқызының ұйымдастыруымен Қарттар күніне орай қарттар үйіне зиярат жасалды.
Шара барысында әйел ұстаздар мен ерікті жамағат мүшелері қамкөңіл жандарға ризашылық білдіріп, жылы лебіздерін айтып, арнайы сыйлықтар табыс етті.
Бұл игі бастама — қарттарға қамқорлық көрсетіп, қоғамда мейірім мен ізгілікті дәріптеуге бағытталған шара болды. Қарттар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.


