ҚМДБ Әйел-қыздар секторының өңірдегі жауапты өкілі Назгүл Данаеваның ұйымдастыруымен облыс мешіттеріне қарасты әйел ұстаздардың жылдық қорытынды жиыны өтті. Кездесу барысында ұстаздар бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстарын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Жиынға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысып, рухани саладағы өзекті мәселелерге тоқталып, әйел ұстаздардың діни-ағартушылық бағыттағы еңбегіне жоғары баға беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, Назгүл Медерқызының бастамасымен құрылған «Алқа» еріктілер тобы таныстырылып, оның қоғамға пайдалы қызметі жайлы ақпарат берілді.
Сонымен қатар “Жылдың үздік ұстазы-2025” марапатымен Айсәуле Жәнібекқызы марапатталды. Шара соңында арнайы дастархан жайылып, қатысушылар рухани ортада өзара пікір алмасты.






