Алла – тез есеп айырушы

Бүгінгі таңда күллі мұсылман жүрегі Палестина үшін алаңдаулы. Әрбір мешіттің мінберінен, әрбір мүминнің жүрегінен сол бауырларымызға арналған дұға көкке көтерілуде. Біз білеміз: мүминнің дұғасы — оның ең қуатты қаруы. Бірақ, соған қарамастан, кейбір жүректері қатайған, діннен алшақ қаракөз бауырларымыз әлеуметтік желілерде: «Бұл дұғалардың нәтижесі қайда?» – деп күмән келтіріп жатады.

Ақиқатында, Алланың әрбір ісінде хикмет бар. Біз оны бірден көрмеуіміз мүмкін, бірақ Оның әділетінен еш нәрсе қашып құтылмайды. Құранда:
«…Расында, Алла тез есеп айырушы» (Әли Имран сүресі, 19-аят) – деп ашық айтылған.

Ақпарат құралдарының айласы

Қазіргі заманда бұқаралық ақпарат құралдары мен ғаламтордың негізгі тұтқасы дін дұшпандарының қолында. Олар өз әлсіздіктерін, шынайы жеңілістерін ешқашан жария етпейді. Сол үшін біз олардың қиналғанын интернеттен іздесек те таппаймыз. Керісінше, олар өзін әрдайым үстем, мызғымас етіп көрсетуді мақсат етеді. Бұл – бізге үлкен сынақ әрі көзге көрінбейтін ақпараттық соғыс.

Ақиқаттың жасырылмайтын мысалы

Естеріңізде болса, бір жылдары Израильде азан дауысына тыйым салынған еді. Қасиетті мекеннің көгінен таралатын «Аллаһу әкбар» үнін тоқтатпақ болды. Алайда көп ұзамай көктен от жауып, талай жан арғы дүниеге аттанды. Бұл оқиға туралы ресми ақпарат құралдарынан естіген жоқпыз. Тек уатсап арқылы тарап, халықтың қолына жеткен бейнелерден хабардар болдық.

Бұл – Алланың құдіретінен, әділетінен бір мысал ғана. Дін дұшпандарының көрсеткісі келмеген ақиқаттың өзі қарапайым адамдардың жүрегіне жетті.

Ғибрат пен үміт

Міне, бауырларым! Алла әділетті әрі тез есеп айырушы. Ол ешбір зұлымдықты жазасыз қалдырмайды. Бізге қажеті – сабыр мен тәуекел. Бүгін дұғамыз қабыл болмай жатқандай көрінгенмен, Алланың құдіреті бәрінен биік. Біздің көрмегенімізді періштелер көруде, біздің білмегенімізді Раббымыз білуде.

Сондықтан күмәнға жол бермейік. Дұғамызды жалғастырайық, жүрегімізді үмітпен байытайық. Өйткені Алла уәде етті:
«Әрине, зұлымдық жасаушылардың істегендерін жазасын кешіктіріп, қияметке алып қояды» (Ибраһим сүресі, 42-аят).

Ержан Қуанышұлы