Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Анашым» мешітіне арнайы барып, жамағатпен жүздесті.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жуырда ғана Атырау қаласынан ашылған мешіттің сыйымдылығы – 500 адамға шақталған.
Мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, алдағы жұмыс жоспарларына бағыт берген Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жамағатты бірлікті сақтауға шақырды.
«Қарға тамырлы қазақ халқы әр кез бірін – бірі дос, бауыр санаған. Ислам – ынтымақтың, өркениеттің діні десек, басты мақсатымыз – бірлікті, тұрақтылықты сақтау. Осы ретте мешіт ұжымын салт-дәстүр, ділімізді, тілімізді, дінімізді өркендету бағытындағы ағарту және рухани шаралар легін көбейтуге шақырамын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық » Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.