Атырауда орталық мешітте Республика күніне орай мерекелік шара өтті.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы 100-ге жуық баланы ұлттық мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
«Республика күні – егемендігіміздің бастауы. Еліміздің болашағын жас ұрпақ жасайды. Жас ұрпақ білімді, саналы, Отанын сүйетін азамат болуы үшін, біздер тағылымды дүниелермен көбірек бөлісуіміз керек. Ұлттық мерекеміз – осындай рухани, тарихи мәні зор дата» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.