Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысты.
Съезд жұмысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Қазақстан үшін әлемнің ең құрметті рухани көшбасшыларын бірге жинап, диалог орнату үлкен құрмет екенін атап өтті.
Екі күнге созылатын съезд барысында әлемнің түкпір-түкпірінен келген дін қайраткерлері пленарлық және секциялық отырыстарға қатысып, сөз сөйлейді.