Индер ауданында Мәуліт кеші өтті.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Индер ауданына жұмыс сапарымен барып, орталық мешітте уағыз айтып, жұма намазын өткізді.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірін насихаттап қана қоймай, ізгі істеріне амал ету. Құранды өртеу, исламофобияның күшеюі – Пайғамбарымызды (с.ғ.с) жеткілікті деңгейде насихаттай алмай жатуымыз себепті болуы мүмкін.
Сондықтан, Пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с) дін өкілдері ғана емес, ғылым, шығармашылық өкілдері де насихаттауға атсалысуы керек. Мейлі ол мульфильм, кино форматында, әңгіме, өлең-жыр болса да рухани азық алатындай дүние болуы қажет» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.