Ислам және отбасы құндылығы жылы аясында Анашым мешітінде “Әйел және отбасы” тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шараны мешіт жанындағы әйел-қыздар секторы мен әжелер мектебі бірлесіп өткізді.
Жиын барысында қазақтың дәстүрлі салт-дәстүрлері — тұсау кесу және бесікке салу рәсімдері көрсетіліп, ұлттық құндылықтар мен ислам дінінің отбасы тәрбиесіндегі орны кеңінен айтылды.
Мешіт имамы Айдын Талғатұлы өз сөзінде отбасының беріктігі, әйел-ананың қоғамдағы орны мен жастар тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталды.




