«Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа дастархан жайылып, діни әдебиеттер насихатталды

Атырау қаласындағы «Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа арналған дастархан ұйымдастырылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасының кітаптары мен мерзімді басылымдары таныстырылды.

Шара барысында мешіт имамы Шүкіриддин Темірқұлұлы жамағатқа насихат айтып, діни білімнің маңыздылығына, кітап оқу мәдениетіне және мүфтият басылымдарын оқудың рухани пайдасына тоқталды.

Кездесудің мақсаты – жамағат арасында оқырмандық мәдениетті дамыту және мүфтият ұсынған сапалы діни контентті кеңінен насихаттау болды.