Атырау имамдары қарттар үйін зиярат етті

Қарттар күніне орай Атырау облысының имамдары қарттар үйін зиярат етіп, қамкөңіл жандарға ізгі тілектерін білдірді.

Шара барысында Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Қанағат Қалыбайұлы сөз сөйлеп, қарттардың қоғамдағы орны мен рухани тәрбиедегі рөліне тоқталды.

«Қария — елдің қазынасы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету — мұсылмандықтың басты сипаты», — деді ол өз сөзінде.

Кездесу соңында Бақтыгерей молла мешітінің имамы Асылбек Тілепбергенұлы арнайы дұға жасап, ақ батасын берді.

Имамдар қарттармен емен-жарқын әңгімелесіп, сый-сияпаттарын табыс етіп, жылы ықыластарымен бөлісті.