Атырау: Исатай ауданында екі күндік турнир қорытындыланды

amin.kz/ 7 наурыз, 2020 жыл. Исатай ауданында  екі күнге созылған Атырау облысы деңгейіндегі волейболдан ашық турнир өз мәресіне жетті.

Мұнайлы өлке бойынша барлығы тоғыз команда бақ сынасқан турнирде Жылыой мешіті жамағатынан құралған команда бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Атыраудың орталық «Иманғали» мешіті жамағаты командасы еншіледі. Үшінші орын Құрманғазы орталық Темірәлі мешіті  жамағаты командасына бұйырды.

Ал, Индер орталық мешітінің командасы  Бас мүфти атынан табысталған 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

«Қатысушылардың барлығына сый-сияпат берілді. Ең бастысы екі күнге созылған спорттық шара жамағаттың өзара танысып, арадағы достық қарым-қатынастың  дамуына ықпал етті. Біздің мақсатымыз – мұсылман бауырларымыз арасында салауатты өмір салтын насихаттап, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге үндеу. Ислам – құлшылықты, білімді, сонымен бірге, рухы мықты, дені сау қоғамды да насихаттайтын асыл дін» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, аталмыш ашық турнирді Исатай аудандық орталық мешіті  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: