amin.kz/28 қыркүйек, 2020 жыл. Қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен он бес отбасы қамтылды.
Бірінші қажеттіліктегі азық-түлік толтырылған пакеттер мұқтаж отбасыларға карантин талаптары сақтала отырып тапсырылды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыты – қайырымдылық. Халқымызда «қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» деген керемет тәмсіл бар. Біз әр сауапты амалды Алла разылығы үшін жүзеге асырамыз. Ізгілік шаралары жалғасады» дейді Атырау қаласы Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.