Жылыой ауданында Бас мүфтидің тапсырмасы талқыланды

amin.kz/28 қыркүйек, 2020 жыл.   Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев жергілікті имам-молдаларға жеткізді.

«Бұған дейін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен елорда қаласына іс-сапармен барып қайтқан болатынбыз. Атыраулық делегацияны қабылдаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин жағдайындағы мешіттердің жұмысын ұйымдастыру, қайырымдылық бағыттағы шараларды күшейту, жалпы, имам-молдалардың біліктілігі, әдебіне байланысты бірқатар тапсырмалар берген болатын. Аталған мәселелерге байланысты іс-шаралар жоспары құрылды» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.