Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске қосылған республикалық «Тайқазан» жобасы аясындағы «Қайырымдылық жаршысы» марафоны осылайша, ел бойынша жыл аяғына дейін жалғасатын болады.
Аталмыш жоба аясында бүгін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті бастап, Атырау қаласындағы және аудандардағы барлық мешітерде 410 отбасына азық-түлік пакеті үлестірілді. Жоба аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж, көп балалы отбасылар қамтылып отыр.
Жобаның мақсаты – халқымызды қайырымдылық, ізгілік жолында біріктіре түсу. Қазақ халқында тайқазан қашан да қасиетті саналған. Тайқазан әркез берекенің, ырыстың, молшылықтың символы болып келді. Жобаның артында қоғамымыздағы ырыс, ынтымақ, береке одан әрі нығая түссін деген ізгі ниет жатыр» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Азық-түлікті өздігінен алып кетуге мүмкіндігі болмаған мұқтаждарға қайырымдылық көмегі үйді-үйлерге жеткізіліп берілді.
Ерекше атап өтерлігі, Атырау қаласы маңындағы Атырау селолық округіндегі Дамбы мешітінде мұқтаж отбасыларға азық-түліктей және қаржылай көмек табыс етілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі