Бүгін қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы қызметіне Қағазғалиев Жасұлан Қуанышұлы, «Әт тақуа» мешітінің имамы болып Айтжан Оңғарбекұлы, «Қажымұқан Мұңайтпасов» мешітінің имамы болып Рамазан Құдабайұлы тағайындылды. Жаңадан тағайындалған имамдарды жамағатқа өңірдің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы таныстырды. Имамдық қызметке тағайындылған имамдар жергілікті жердің тумалары, жоғары білімді мамандар.
Қағазғалиев Жасұлан Қуанышұлы 25.06.1982 жылы Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылында дүниеге келген.
1988-1997 жж Жамбыл орта мектебін бітірген;
1997-1999 жж Индер аудандық училищеде ТМШП мамандығын алған;
2001-2008 жж Атырау қаллық Құспан Молла мешітінде найб имам қызметін атқарды;
2008-2011 жж Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылдық мешітінде Бас имам болды;
2012-2017 жж Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак ЕИМУ бітірген;
2012-2013 жж Атырау облыстық Иманғали орталық мешітінде азаншы қызметін атқарды;
2016-2017 жж Алматы қаласы Бостандық ауданы Орбита мешітінде ұстаз;
2020 жылдың наурыз айының 11 жұлдызынан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау облысы, Жылыой ауданының бас имам қызметін атқарды
Отбасылы 5 баланың әкесі
Абдиров Айтжан Оңғарбекұлы
1987 жылы дүнеиеге келген. Жоғары білімді имам. Қазақ, түрік, араб тілдерін меңгерген
1994-2005 жж аралығы Қаныш Сатпаев атындағы орта мектепті бітірді.
2005-2010 жж аралығы “Оңтүстік педагогикалық уаниверситеті” “Информатика” мамандығын тәмәмдады;
2012-2015 жж арылығы Ыстанбұл қаласы “Хасеки” академиясын бітірді;
2016-2018 жж аралығы “ Әлеуметтік инновациялық университеті” “ Екі шетел тілі” (ағылшын-араб тілі) мамандығын бітірді
Қазіргі таңда Қырғыстан Республикасы “Ош мемлекеттік университеті” теология мамандығы бойынша магистранты;
2015-2019 жж арылығы “Шымкент медресе колледжі” Ұстаз, сонымен қатар Жалпы және Арнайы пәндері кафедрасының меңгерушісі жұмысын атқарды
2019 жылдан бері Атырау қаласы, “Қажымұқан Мұңайтпасов” мешітінің имамы қызметін атқарды
Мұхамедов Рамазан Құдабайұлы 1997 жылы 13 қаңтарда дүниеге келген.
2014 жылы Атырау қаласы Көкарна селолық №32 орта мектепті аяқтап,
2015 жылы Малайзия астанасы Куала-Лумпур қаласында орналақан «Asian Pacific University» университетінің ағылшын тілі курсында оқыды;
2015-2016 жж Алматы және Маңғыстау облыстарында Қазақстан Республикасы шекара қызметінде әскери борышымды өтеді;
2017-2021 жж «Нұр Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті университетіне» «Исламтану» мамандығы үздік аяқтады;
2021-2023 жж Түркия еліндегі «Дарул Фунун шариғат және араб тілін оқыту» академиясында білім жетілдірді;
2023 жылдан бастап «Мәулімберген» мешітінде ұстаздық қызмет атқаруда.
Жаңадан тағайындалған имамдарға облыстың бас имам Болатбек Ұласқанұлы жауапты да сауапты қызметтеріне сәттілік тілеп, ақсақалдар батасын берді.



