Атырау мешіттерінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды


Бүгін қасиетті жұма күні Қайтпай Сұлтан мешітінде жұма намазын өткізген Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы өңірдегі мешіттерге жаңа кадрлық тағайындаулар болғанын хабарлады.

Алдымен, бас имам жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қайтпай Сұлтан мешітіне имам болып тағайындалған Арман Урунбаевты таныстырды.

Арман Урунбаев туралы мәлімет
• Туған жылы, жері: 1985 ж., Атырау қаласы
• Білімі: Жоғары
• 2010–2014 жж. – «Орал» медресесі
• 2017–2020 жж. – Түркия, Стамбул қ., «Сабахатин Зайн» университеті («Дінтану»)
• 2019–2024 жж. – РФ, Қазан қ., «Ресейлік Ислам Университеті» («Теология», сырттай)
• 2020–2024 жж. – Түркия, Денизлі қ., «Хасекей» академиясы («Теология»)
• Қызмет жолы:
• 2015–2018 жж. – Атырау қ., «Иманғали» орталық мешіті, наиб имам
• 2024–2025 жж. – Атырау қ., «Құспан молла» мешіті, наиб имам
• 2025 ж. – қазірге дейін «Иманғали» мешіті, ұстаз, сонымен қатар ҚМДБ Оқу-ағарту бөлімінің өңірдегі өкілі

Осыған дейін Қайтпай Сұлтан мешітінің имамы болған Ажок Саясатұлы Атырау қаласындағы «Иманғали» орталық мешітіне наиб имам болып ауысты.

Мәулімберген мешітіне жаңа имам

Сондай-ақ, Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылындағы Мәулімберген мешітіне Бас мүфти бұйрығымен Наркес Боханов имам болып тағайындалды.

Наркес Бағытжанұлы Боханов
• Білімі: Жоғары
• 2010–2016 жж. – Қордай қарилар даярлау орталығы
• 2017–2020 жж. – Ә.Қуатпаев атындағы халықаралық университеті, «Тарих» мамандығы (бакалавр)
• Қызмет жолы:
• 2016 ж. – Байзақ ауданы, «Ән-Нағим» мешіті, наиб имам
• 2017–2021 жж. – «Һибатулла ат-Тарази» медресесі, ұстаз
• 2018–2021 жж. – Тараз қ., «Акрамтөре» мешіті, наиб имам
• 2021–2024 жж. – Атырау қ., «Иманғали» мешіті, ұстаз
• 2024–2025 жж. – Атырау қ., «Қайтпай Сұлтан» мешіті, наиб имам

Ұзақ жыл Мәулімберген мешітінде қызмет атқарған ардагер имам Мақсот Рахметұлы Бағытжанов Махамбет ауданына қарасты Әл-Жәмил мешітінің имамы болып тағайындалды.

Мақсот Рахметұлы Бағытжанов
• Туған жері: Атырау өңірі
• Білімі мен біліктілігі:
• 2003 ж. – «Иманғали» мешіті жанындағы имамдардың алты айлық курсы
• 2010 ж. – «Иманғали» мешіті жанындағы төрт айлық курс
• 2017 ж. – Түркия, Болу қ., екі айлық имамдар даярлау курсы
• 2015–2018 жж. – Ақтөбе медресе-колледжі, «Исламтану» мамандығы
• Қызмет жолы:
• 2007–2011 жж. – Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылдық мешіті, молда
• 2011–2025 жж. – Атырау қ., Тасқала ауылы, Мәулімберген мешіті, имам
• Марапаттары:
• ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық төсбелгісі

Жаңа тағайындауларға орай Бас имам Болатбек Ұласқанұлы имамдарға сәттілік тілеп, жауапты қызметті абыроймен атқаруға шақырды. Жамағат жаңа қызмет иелеріне ақ батасын берді.