Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы белгілі қаламгер, журналист, баспагер Болат Батырға құрмет көрсетті.
Болат Батыр — «Болат Медиа» мекемесінің директоры, «Үш қоңыр» халықаралық әдебиет, мәдениет және өнер газетінің бас редакторы, сондай-ақ Махамбет Өтемісұлы атындағы сыйлықтың иегері.
Кездесуде бас имам қаламгердің рухани-ағартушылық бағыттағы еңбектерін жоғары бағалап, ел мәдениеті мен дін саласына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Шара соңында бас имам Мүфтият баспасынан жарық көрген “Бабалар сөзі: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп” кітабын қаламгерге естелік ретінде сыйға тартты.



 

