Сағыз ауылындағы Абдолла хазірет мешітіне қызметтік көлік табысталды

Бүгін қасиетті жұма күні Сағыз ауылындағы Абдолла хазірет мешітіне жаңа қызметтік көлік берілді.

Ауыл жамағаты мешіттің игілігіне арналған көліктің кілтін имам Нұрмұхаммед Шахасанұлына салтанатты түрде табыстады.

Бұл игі іске «Қызылқоға – құтты мекенім» қоғамдық қоры демеушілік етті.
Имам жамағатқа және демеушілерге алғыс айтып,

«Мешітке жасалған әрбір игі іс – Алланың разылығына бастайтын сауапты амал»
— деп атап өтті.

Шара соңында ауыл ақсақалдары дұға жасап, демеушілер мен жамағатқа ризашылық білдірілді.