Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен қала, аудан имамдарының онлайн қатысуымен жиын өтті.
Жиында ҚМДБ бекіткен жеті бағыт бойынша жұмыстарды жан-жақты жандандыру керектігі айтылды.
Жақында «Иманғали» мешіті жанынан ашылған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығының жұмысын тиімді ұйымдастыру, болашақ имам-молдаларды дайындау, діни білім беру, шәкірттер тәрбилеу мәселесін жолға қоюды тапсырды.
Сондай-ақ, Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы алда келе жатқан Мәуліт мерекесіне орай, тағылымды, рухани шаралар өткізуге дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.