Атырау облысының Бас имамы қала, аудан мешіттеріне бірқатар тапсырмалар берді

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен қала, аудан имамдарының онлайн қатысуымен жиын өтті.

Жиында ҚМДБ бекіткен жеті бағыт бойынша жұмыстарды жан-жақты жандандыру керектігі айтылды.

Жақында  «Иманғали» мешіті жанынан ашылған Құран жаттау және діни сауат ашу орталығының жұмысын  тиімді ұйымдастыру, болашақ имам-молдаларды дайындау, діни білім беру, шәкірттер тәрбилеу мәселесін жолға қоюды тапсырды.

Сондай-ақ, Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы алда келе жатқан Мәуліт мерекесіне орай, тағылымды, рухани шаралар өткізуге дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.