Уағыз – насихат бағытындағы шаралар онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды.
Бұл туралы бүгін орталық «Иманғали» мешітінде жылдық есеп берген Атырау қалалық Құспан молла мешітінің имамы Эммат Ғұмаров хабарлады.
«Уағыз-насихат негізінен дін және дәстүр, фиқһ, Құран ілімі, сира бағыттарында жүргізілді. Соның ішінде, офлаин түрде бесін уағыздары 64 мәрте, аталған форматта ақшам уағыздары 63 мәрте, ал онлайн форматта 58 рет уағыз айтылды.
Сауат ашу бағытындағы жұмыстар офлаин форматта аптаның алты күні бойы жалғасуда. Ерлерге де, әйелдерге де Құран әліппесі, фиқһ, ақида, ахлақ дәрістері өтті» деді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің имамы Эммат Ғұмаров.
Айта кетелік, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының алдында есеп берген қала және аудан имамдары діни ағарту, оңалту, қайырымдылық және ағарту бағытында жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.