Атырауда Құспан молла мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атырау қалалық Құспан молла мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Рамазан айының құрметіне өткен іс-шара 20 отбасын қамтыды.

Мұқтаж шаңырақтарға әрқайсысы 25 келі болатын азық-түлік пакеттерін Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров табыс етті.

«Рамазан – мейірім айы. Рамазан – ізгілік айы. Құлшылық, ғибадатпен бірге бұл айда ізгі істер жасап, сауап алуға тырысқан жөн» дейді Эммат Ғұмаров.