Атырауда қауымдарға мүфтият бекіткен зират ережелері бекітілді

Атырауда Бақтыгерей молла мешітінің ұжымы Қызылбалық ауылындағы қауымға зират ережесін орнатты.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан бастама мақсаты – адамдарды зират және зиярат әдебін сақтауға шақыру.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы зиярат әдептерін бекіткен болатын. Бекітілген ережеге сәйкес, зиярат еткенде қауымға дәретпен бару, қабір жұртына сәлем беру, зиярат орындарында дауыс көтермеу, сүрелерді оқып, сауабын марқұмдарға бағыштау, марқұмның жақсы қасиеттерін еске алу сынды әдептерді ұстанған дұрыс.