Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мектеп оқушыларымен білім алуға шақырды

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы облыс орталығындағы №31 мектеп-гимназиясында оқушылармен кездесті.

Кездесу барысында Бас имам оқушыларды білім алуға, бәсекеге қабілетті маман болуға ұмтылуға, жастық шақты ізденіс пен дамуға пайдалануға шақырды.

«Халқымызда «Білімді мыңды жығады» деген тамаша сөз бар. Білімді адамның болашағы кемел болады. Қасиетті Құран да «Оқы!» деген сөзбен басталады. Кезінде ислам өркениетін әлемге танытқан Әбу Насыр Әл Фараби, Ибн Сина сынды ғалымдарымыз өмір бойы оқып, ізденіп өткен. Нәтижесінде тұтас адамзат игілігіне айналған ғылыми жаңалықтар ашты. Бұл нені білдіреді? Ізденген адам мұратына жетеді. Сондықтан, баршаңызды сапалы білім алып, өздеріңізді дамыту жолында еңбектенуге шақырамын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.