Атырауда Рамазан айына байланысты бірлескен телевизиялық жоба көрсетілуде (+ ВИДЕО)

«Атырау» телеарнасынан көрсетіліп жатқан «Рамазан — руханият айы» телебағдарламасы аптаның дүйсенбі-жұма күндері аралығында ұсынылуда.

Атырау облысы дін істері басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы өкілдігінің бірлескен жобасы қасиетті Рамазан айы туралы кеңінен мағлұмат таратып, көрермен сауалдарына жауап беруді мақсат етіп отыр.

Бағдарламада Рамазан айының құндылықтары мен ораза туралы көрермен сауалдарына жауап беру арқылы, өңірдегі дін мамандары, имамдар өз ойларымен бөлісуде.