Атырауда 1500 бала «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсына қатысуда

Атырау облысында балаларға арналған дәстүрлі «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы басталды. Облыс мешіттері жанынан ашылған курсқа биыл 1500-ге жуық оқушы қатысып жатыр.

Бұл игі шара балалардың жазғы демалысын пайдалы әрі мазмұнды өткізуге бағытталған. Курстың аясында балалар Құран әліппесін үйреніп, ислам әдебі мен имандылық негіздерін меңгереді. Сонымен қатар, оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптейтін танымдық ойындар мен тәрбиелік шаралар да ұйымдастырылуда.

Жазғы сауат ашу курсы шілде айына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар балалардың білім алуына барлық жағдай жасалғанын атап өтті.