Атырауда теріс діни ағымда ақпарат таратқан 37 азаматқа айыппұл салынды.
Дәстүрлі дінге қайшы ағым пайда болғалы, дін саласының мамандары теріс ағымда жүрген азаматтардың көзқарасын өзгерту үшін түсіндірме және оңалту жұмыстарын жүйелі жүргізуде.
«Атырауда діни теріс ағымда жүрген 2000-нан астам азаматты оңалту үшін тиісті жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде 88 адам райынан қайтты. Бір тұлғаның көзқарасын өзгерту үшін кемінде 1 жыл уақыт кетеді. Дін саласының арнайы мамандары тұрақты түрде түсіндіру және оңалту жұмыстарына көңіл бөліп отырады» дейді Атырау облысы Дін істер басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы.
Жалпы діни ағымның жeтегінде кетуге 88% әлеуметтік желі әсер етеді. Осы мәселенің болмауы үшін мамандар діни парақшаларға мониторнг арқылы сараптама жасап отырады.
«Биыл діни бағыттағы жүз мыңнан аса парақшаға мониторнгтік талдау жүргізілді. Нәтижесінде исламды теріс насихаттайтын ақпарттық порталдан 3000 тұрғын бас тартып, 4000 азаматқа ескерту хат жіберілді. Бұндай жұмыстар үнемі біздің қадағалауымызда» дейді басқарма басшысы.
Спикердің айтуынша, ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзып, теріс діни ақпаратты таратып, жариялаған азаматтарға 490-бапқа сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалады. Бүгінде 37 тұлғаға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, экстримистік топтарға мүше болып, түзету мемекемсінде отырған азаматтарға да оңалту жұмыстары жүріп отырады. Бұл жұмыстардың арқасында 9 айлық көрсеткіш бойынша экстримистік көзғарастағы 2 сотталушы райынан қайтты.