Атырауда әйел ұстаздарға арналған рухани кездесу өтті

ҚМДБ Түркістан облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі, ұстаз Еңлік Мұратқызы Атырау облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңір мешіттерінде қызмет атқарып жүрген әйел ұстаздармен арнайы кездесті. Кездесу барысында ұстаз Еңлік Мұратқызы рухани-танымдық насихат айтып, әйел адамның қоғамдағы және отбасындағы орны, имандылық, тәрбие, адалдық секілді тақырыптарға кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ жиынға қатысушы әйел ұстаздардың діни қызмет, жамағатпен жұмыс, рухани тәрбие бағытындағы сауалдарына тұшымды жауап беріп, тәжірибесімен бөлісті. Кездесу өзара пікір алмасу алаңына айналып, дін саласындағы әйел ұстаздардың білімін арттыруға, рухани байланысын нығайтуға ықпал етті.