Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Атырау қаласында Құран жарысы өтті.
Оған түрлі жастағы шәкірттерден барлығы 40 адам тіркелді, 23 үміткер қатысты.
20 жастан жоғары үміткерлер қатысқан шарада бірінші орынды Бисенбай Орынай иеленді.
Екінші және үшінші орындарды Альбина Қадиржанова және Жұлдыз Меңдіжанова өзара бөлісті.
Ұйымдастырушы Ардақ Сайынқызының айтуынша, Құран жарыс жоғары деңгейде өтті. Және шәкірттердің тыңғылықты дайындығы жарыс барысында айқын көрінді.
Құран жарысына Қатеп Миланбекқызы, Бибінұр Қармысқызы қазылық етті.