Атырауда алғаш рет «DARA QUIZ» интеллектуалды сайысы өтті

Атырау қаласында Халықаралық жастар күніне орай ерекше форматтағы интеллектуалды дода – «DARA QUIZ» ұйымдастырылды. Жастарды рухани кемелдікке жетелеуді мақсат еткен бұл сайыс Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтті.

Жобаның мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және дәстүр мен діннің үйлесімін көрсету. Аймақта тұңғыш рет өткен бұл ауқымды жарысқа 21 команда қатысты.

Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Қатысушылар дін, тарих, әдебиет, әлем мәдениеті және дәстүр тақырыптарында қойылған сұрақтарға жауап беріп, аудио-бейне тапсырмаларды орындады.

Нәтижесінде:

• I орын – “Сәруар” (Иманғали мешіті) командасы – 100 000 теңге

• II орын – “Махамбет” (Махамбет ауданы мешіті) командасы – 70 000 теңге

• III орын – “Парасат” (Атырау қаласы) командасы – 30 000 теңге

Үздік командаларға арнайы қаржылай жүлделер мен кубоктар табысталды.