Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Аңса» жеке қожалығына қарасты «Беріш» ет дүкеніне халал стандарт сертификатын тапсырды.
Атырау қаласы, Қаныш Сатпаев көшесі, 5 және Мұхтар Әуезов көшесі, 59а мекен-жайында орналасқан «Беріш» ет дүкенінің директоры Гаухар Рамазанқызына ҚМДБ Халал стандарт сертификатын табыстады.
«Беріш» ет дүкені, Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою ЖШС СТ 96090-2-2021 стандартына сай.
Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды» делінген сертификатта.
Сертификаттың мерзімі 17.07.2023 дейін жарамды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.