Атырауда «Тағам» асханасы халал сертификатын алды

Атырауда «Тағам» асханасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал стандарт сертификатын алды.

Атырау қаласындағы М. Баймұханов  көшесі, 64/1 мекен-жайында орналасқан «Бакижанова З» қожалығына қарасты «Тағам» және Құрманғазы  көшесі, 5 мекен-жайында орналасқан  «Моника» қожалығына қарасты «Тағам» асханасы бойынша жауапты өкіл Думан Алпамысқызына берілді.

Сертификатты Атырау облысының «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев табыс етті.

Сертификаттың  мерзімі  17.07.2023 дейін жарамды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.