АТЫРАУДА «APORT» ТАМАҚТАНУ ОРНЫ ҚМДБ HALAL СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

Атырау қаласындағы «Aport» тамақтану орны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Halal сертификатына ие болды.

Қасиетті жұма күні сертификатты ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша жауапты маманы Назарбай Базарқұлұлы мекеме өкілдеріне салтанатты түрде табыстады.

Halal сертификаты «Aport» тамақтану орнының қаладағы төрт нүктесіне берілді. Атап айтқанда:

  • Баймұханов көшесі, 48/1;
  • Сарыарқа ықшам ауданы, 40;
  • Авангард ықшам ауданы, 1-2, 1;
  • Алмагүл ықшам ауданы, 1.

Аталған сертификат тағамдардың дайындалуы мен ұсынылуының ҚМДБ бекіткен халал талаптарына сай екенін растайды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың сенімін арттырып, сапалы әрі адал өнім ұсынуға деген жауапкершілікті күшейтеді.

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі алдағы уақытта да халал стандартының сақталуын тұрақты бақылап, сертификатталған кәсіпорындармен жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырады.