Бүгін, қасиетті жұма күні, жұма намазынан соң Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған әскери қызметшілердің рухына Құран бағыштап, дұға жасап, бата берді.
Жиында ел тыныштығы жолында қызмет атқарып, өмірін қиған азаматтардың рухына бағышталған Құранның сауабы тиуін тілеп, олардың отбасы мен жақындарына сабыр мен күш-қуат тіленді.
Алла Тағала қаза болған азаматтарды рақымына бөлеп, жандарын жәннатта етсін. Артында қалған отбасыларына сабыр беріп, елімізге амандық пен тыныштық нәсіп етсін.






