Атырауда «Құранмен сусындаған аналар» атты әжелер арасында алғаш рет облыстық Құран Кәрім сайысы өтті. Рухани шара Ислам және ажал қоғам жылы аясында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының бірлесіп ұйымдастыруымен Бақтыгерей Молла мешітінде өтті
Сайысқа өңірдегі мешіттерден келген 15 әже қатысып, өзара бақ сынады. Байқаудың негізгі шарты – «Фатиха» және «Ықылас» сүрелерін мәнерлеп жатқа айту болды.
Шараға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысып, жиналған аналар мен әжелерге ізгі тілегін білдірді. Бас имам өз сөзінде Құран ілімін үйренудің маңыздылығына тоқталып, аналардың діни сауатын арттыру мен Құранға деген сүйіспеншілікті дәріптеудің қоғам үшін маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар Асылбек Тілепбергенұлы, Бақтыгерей Молла мешіті имамы, қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай рухани шаралардың тәрбиелік маңызы зор екенін жеткізді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
• І орын – Мырзағалиқызы Мираш
• ІІ орын – Париденқызы Қарлыға
• ІІІ орын – Ғариполлақызы Гүлжан иеленді.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай жүлделер табысталды.


















