Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласына сапарында Балықшы шағынауданында бой көтеретін жаңа мешіттің іргетасын қалады.
Игі іс-шарада Наурызбай қажы Тағанұлы: «Мешітке қазақтың біртуар азаматы, қазақ даласындағы дін Исламның қанат жаюы үшін қызмет еткен, дін ғұламасы Бекет ата Мырзағұлұлының есімі берілгелі отыр. Бекет атаның кім екенін иісі қазақ түгел біледі. Бекет атаның ата қонысы – осы Атырау өңірі. Әрине, елімізде Бекет ата есімін алған мешіттер аз емес. Алайда Атырау қаласында бабамыздың атындағы мұнаралы мешіттің болуының орны бөлек деп білеміз», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
ҚМДБ Төрағасы мешіттің межеленген уақытта ел игілігіне беріліп, іші жамағатқа толуын тілеп, дұға жасады.