Доссор орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Мақат ауданына қарасты Доссор орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтіп, 20 отбасына азық-түлік таратты.

Шара әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтыды.

«Өз пайдаңды ойлама, ел пайдасын ойла, өз пайдаң соның ішінде», – дейді халқымыз.

Қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі. Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде:

«Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған» дейді ұйымдастырушылар.