Атырауда «Беріш» дүкеніне халал сертификаты берілді

Атырау облысының Бас имамы  Алтынбек Ұтысханұлы «Беріш» ет дүкені директоры Бибінұр Сәлімгерейқызына ҚМДБ-ның «Халал стандарт» сертификатын табыс етті.


Аталған дүкен Атырау қаласы, Авангард 3 шағын ауданы, 42 мекен-жайында орналасқан.

«Аталмыш «Беріш» ет дүкені, Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сою ЖШС  СТ 96090-2-2021 стандартына сай.
Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар  ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды» делінген сертификатта.

Сертификаттың  мерзімі  18.07.2023 дейін жарамды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.