Атырауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылау жиыны өтті. Жиында жыл бойы белсенді қызмет атқарған бірқатар имамдарға алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды.
Шара барысында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қахарман Рахметұлының және облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлының атынан алғыс хаттар беріліп, имамдардың еңбегі ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы діни оңалту бағыты бойынша белсенді қызмет көрсеткен көп балалы имамдарға қаржылай қолдау көрсетіп, арнайы сертификаттар табыс етті.
Жиын өңірдегі діни сала қызметкерлерінің ынтымақтастығын нығайтып, алдағы жылға жаңа серпін берді.

































