Атырауда діни қызметтерге жаңа тағайындаулар жасалды

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітіне наиб имам қызметіне Мұхамеди Мағжан Игенбайұлы тағайындалды.

Мұхамеди Мағжан Игенбайұлы жоғары білімді маман
• 2014–2018 жж. — «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті (исламтанушы, бакалавр);
• 2019–2022 жж. — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (исламтанушы, магистр).

Еңбек жолы:
• 2018–2019 жж. — «ҚМДБ» Целиноград аудандық мешітінде наиб имам;
• 2021–2022 жж. — «ҚМДБ» Мақат аудандық мешітінде наиб имам;
• 2022–2023 жж. — «ҚМДБ» Доссор орталық мешітінде бас имам;
• Осы уақытқа дейін Махамбет аудандық Исатай–Махамбет мешітінде наиб имам қызметін атқарды.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің өңірдегі өкілі қызметіне Назарбай Абдураманов тағайындалды.

Назарбай Абдурамановтың білімі мен еңбек жолы:
• Түркістан облысының тумасы;
• 2007–2010 жж. — Шымкент медресесінде білім алған;
• Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Дінтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдаған;
• Қызмет жолын Көкшетау облысы, Есіл ауданындағы Есіл мешітінде ұстаз ретінде бастаған;
• Кейін жеке кәсіпкерлікпен айналысқан;
• Атырау қаласында Құспан молла мешітінде наиб имам, сондай-ақ Иман және Ықылас мешіттерінде имам қызметтерін атқарған.

Тағайындау барысында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жаңа қызметке кіріскен дін қызметкерлеріне сәттілік тілеп, жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруына сенім білдірді.