Атырауда «Ихсан» мешітінде кітап оқушы үздіктер марапатталды

Атырау қаласының Геолог ауылындағы «Ихсан» мешітінде білім сайысы басталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Жастар жамағатына ұстаз Алтынбек Ұтысханұлының » Ислам жарастыра ма, таластыра ма?» атты еңбегі оқуға берілген болатын.

Бір ай бойына кітапты оқыған жастардан жақында емтихан алынды.

Кітаптың мазмұны, ондағы мәселелер туралы сауалдарға жауап берген шәкірттер арасында үздіктер анықталып, марапатталды.

Мерей Базарбай бірінші орынды иеленді.

Екінші және үшінші орындарды Нұржан Асқарұлы мен Исабек Ағыраев өзара бөлісті.

Білім сайысы жалғасады. Ендігі кезекте шәкірттерге «Дін мен дәстүр» кітабының екінші бөлімі оқуға беріледі.


«Мақсат – жастар арасында кітап оқу дәстүрін қалыптастырып, насихаттау. Және рухани білім беру» дейді «Ихсан» мешітінің имамы Ардақ Жұмабекұлы.