Атырауда «Иманғали» мешітінде 50 жамағатқа Құран тапсырылды

Атырауда «Иманғали» мешітінде діни білімдерін арттырып, дәріс алып жүрген 50 жамағатқа Құран кітабы сыйға берілді.

Араб әліппиін жаттап, Құранды араб қарпінде оқу деңгейіне жеткен жамағаттарды Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қабылдап, рухани ізденіске талаптанғандарға сәттілік тіледі.

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына Құранды оқумен қатар, жаттауды насихаттап отырды. Қарилардың, яғни Құранды жатқа білушілердің абыройлы періштелермен бірге болатындығын сүйіншіледі.

Өйткені, алғашқы Құран қарилары – Жәбірейіл (а.с.) періште мен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) болды. Қарилардың дәрежесінің жоғары екендігін: «Мұрны кесілген қара құл  болса да Құранды көбірек жаттаған жан өзгелерден артық», – деп көрсетіп кеткен. Сондықтан, Құранға сай амал етіп, көркем мінезді болуға, отбасына жылулық беріп, қамқоршы болуға да ұмтылу керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.