Атырау мешіттерінде «Намаз оқып үйрену» курсы жүріп жатыр

Рамазан айы бойы жүретін рухани курсқа кез-келген ниет білдіруші қатыса алады.

Курстарды мешіттердің білікті ұстаздары жүргізеді. Намаз оқуға ниет білдіріп жүргендер курс барысында өздерін толғандырған сауалдарға жауап ала алады. Курстар күнделікті бесін намазынан кейін жүргізілуде. Курстың әр сабағына кемінде 50 адам қатысып, білім алып жатыр.

«Мәселен, «Иманғали» мешітінде курсқа күніне ондаған адамдар келіп қатысып жатады. Біздің мақсатымыз – Рамазан айында рухани өзгерістерге бел буған азаматтарға бағыт беру. Намаз – мұсылманға парыз етілген бес негізгі темірқазықтың бірі» дейді орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Саламат Иманғалиев.