Атырауда мешіт жұртшылықты жарапазан айтып, Рамазанмен құттықтады (+ ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолға алған жарапазан айту эстафетасын Атырау облысы Жамбыл облысы өкілдігінен қабыл алып, бастаманы Жетісу облысы өкілдігіне жолдады.

Жарапазан Рамазан айының кіруін білдіретін жыр. Бұл біздің дәстүріміздің жарқын көрінісі. Бабаларымыз Рамазан айының кіруімен құттықтап, үй-үйді аралап жарапазан айтқан. Бүгінде игі дәстүр сақталып, жалғасын тауып келеді,-деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Жарапазан жырын жергілікті өнерпаздар орындап, жұртшылықты құттықтады. Мешіт тарапынан балаларға сыйлықтар үлестірілді.