Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин мешіт имамдары үшін семинар өткізді.
Зекет тақырыбына арналған семинар барысында, спикер мұсылман қауымы үшін бес парыздың бірі болып табылатын зекеттің мағынасы, оны жұмсаудың үкімі туралы кеңінен ақпарат берді.
«Рамазан айында мұқтаж жандарға демеу көбірек көрсетілуі керек. Мешіттеріміз мұң-мұқтаждарға рухани әрі әлеуметтік қолдау көрсететін орталыққа айналуы тиіс. Осы ретте, қайырымдылық бағыттағы шараларға көбірек назар салуға шақырамын. Зекет негізінен мұқтаж жандардың қажеттілігіне жұмсалуы керек» деп атап өтті «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин.
Еске сала кетелік, семинарға Атырау облысы бойынша қала, аудан, селолық округ мешіттерінің имамдары қатысты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.