Рамазан күнделігі: Атырауда 50 мұқтаж отбасына азық-түлік сертификаттары табысталды (+ ФОТО)

Атырауда орталық мешітте қасиетті Рамазан айының құрметіне қайырымдылық акциясы өтті.

«Рамазан сыйы» жобасы аясында 50 мұқтаж отбасына «Лидер» супермаркетінің сертификаттары табысталды.

Әрқайсысы 10 мың теңгенің сертификаттары әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, «Жусан» операциясымен елге оралғандарға берілді.

Акцияға «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин арнайы қатысып, жиналған жұртшылықты Рамазан айымен құттықтады.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.