Қанат Қыдырмин Атырауда орталық мешіттің жұмысымен танысты (+ФОТО)

Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин орталық «Иманғали» мешітінің жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда орталық мешіт жанынан «amin.kz» медиастудиясы, Қайырымдылық мекемесі жұмыс істеуде.

Заманауи құрылғылармен жабдықталған студия жұмысын көріп шыққан Қанат Қыдырмин медиа саласын одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстарымен бөлісті.

Сонымен бірге, Қайырымдылық мекемесінің жұмысымен танысып, саладағы бірқатар өзекті мәселелерге назар аударды.

«Қайырымдылық – өте нәзік сала. Қазіргі таңда мұқтаж жандар өте көп. Аудитория тым ауқымды. Сондықтан, аудиторияны толық қамтамасыз етудің тетіктерін қарастыру қажет» деп атап өтті «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.