Атырауда «Өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі имамдардың (теологтардың) рөлі» тақырыбындағы облыс бойынша дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинары аяқталды.
Бес күндік оқу семинарын Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық қоры «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Атырау облысы бойынша филиалы бірлесіп ұйымдастырды.
Аталған семинарға ҚМДБ Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіт имамдарынан 50 адам тәмамдады.
Бес күнге созылған семинар барысында Психологиялық көмек көрсету орталығының психологы Ғайни Сұлтанова, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Стратегиялық зерттеулер секторының бас ғылыми қызметкері Жанат Момынқұлов және «Жайық Пресс» медиахолдингі бас директорының орынбасары, журналист, медиа тренер Нұрлыбек Рахманов дін мамандарына адам психологиясымен жұмыс жасау, еліміздің діни ахуалы, зайырлылық қағидаттары, әлеуметтік желілерді пайдалану, аудиториямен тығыз байланыс, жасанды интеллектті меңгеруге байланысты түрлі теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізді.
Шараның жабылу салтанатына Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев және ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы келіп, қатысушыларға сертификаттар табыстады.