Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен, орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Қасиетті Мәуліт айының құрметіне өткен акция барысында әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж отбасыларына азық-түлік және киім-кешектер үлестірілді.
«Азық-түлік негізінен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үлестірілді. Ал, бұдан бөлек киім-кешектер мен азық-түлік пакеттері Сириядан оралып, терроризм бабы бойынша істі болып отырғандардың отбасына таратылды.
Қасиетті Мәуліт айының құрметіне өткізілген мұндай ізгілік шаралары жалғасады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанынан Қайырымдылық мекемесі жұмыс жасап келеді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.