Атырау қаласы, Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен ел спортының дамуына үлес қосып жүрген бір топ спортшыларға құрмет көрсетілді.
Мәуліт айының құрметіне орай ізгі шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, таеквондодан қара белдіктің 4 дан иегері Мұстахим Қабдрашев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қабибек Мұхитов, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилманов , белгілі бапкер Асқар Тоқтабаев арнайы шақыртылды.
Шара аясында имам Мақсот Бағытжанов спортшыларға алғысын білдіріп, ел бірлігін нығайтудағы спортшылардың ролі, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өсиеттері, хадистері хақында насихат айтты.
Еске сала кетелік, осындай игі шара Тасқала 1, Тасқала 2, Тасқала 3 ауылдарындағы жамағат үшін де ұйымдастырылды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.